Шымкентте Республика күніне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте Республика күніне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Шымкент қаласында кең ауқымды мәдени және патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік бағдарламалар 24 қазан күні басталады. Сағат 16:00-де «Қызғалдақ» сарайында салтанатты ресми жиын өтеді. Іс-шара барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталады.

25 қазан күні сағат 10:00-де «Шымсити» саябағында орналасқан Ту тұғырында Ту көтеру рәсімі өтеді. Сол күні сағат 10:00-ден 14:00 аралығында «Астана» алаңында Республика күніне арналған кең көлемді жалпы халықтық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бағдарлама барысында қалалық қуыршақ театры мен Шымкент циркінің әртістері көрермендерге өз өнерін ұсынса, ұлттық салт-дәстүрге негізделген театрландырылған көріністер мен дәстүрлі әншілер шеруі өткізіледі. Сонымен қатар, Отандық баспа үйлерінің қатысуымен кітап жәрмеңкелері мен тақырыптық көрмелер өтеді. Көрмеде қала тұрғындары мен қонақтары тарихи және мәдени мазмұндағы басылымдармен танысып, жаңа әдебиеттермен сусындауға мүмкіндік алады.

Кешкі сағат 19:00-де қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық аспан астында ауқымды мерекелік гала-концерт ұйымдастырылады. Концертте еліміздің және қаламыздың танымал өнер жұлдыздары – Ғазизхан Шекербек, Ұшқын Жамалбек, Мадина Сәдуақасова, Еңлік, Әсет Есжан, сондай-ақ «Заман» және «Жігер» топтары өнер көрсетеді.

Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздігін дәріптейтін мерейлі мереке. Шымкент қаласында өтетін мерекелік іс-шаралар тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй мен патриоттық рух сыйламақ.

x

Check Also

Шымкенттік кәсіпкерлермен кездесуде орта бизнес пен креативті экономиканы дамыту мәселесі талқыланды

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық сайлауалды штабы Шымкент қаласының кәсіпкерлері және креативті бизнес өкілдерімен ...

«Әділет» предлагает усилить социальную защиту человека труда

Республиканский предвыборный штаб партии «Әділет» во главе с председателем партии Айбеком Дадебай встретился с трудовыми коллективами коммунальных предприятий и медицинскими ...