Түркістан облысында 1000-ға жуық тамақтану орнына санитарлық бақылау жүргізілген — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында 1000-ға жуық тамақтану орнына санитарлық бақылау жүргізілген

Облыс аумағында қоғамдық тамақтану орындарында тағамнан улану бойынша соңғы 3 жылда 6 жағдай тіркеліп, 200-ден аса адам зардап шеккен. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында департамент тарапынан ұдайы тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Бекболатұлы мәлімдеді.

«Биыл Түркістан қаласында орналасқан «Ямми Маки» фаст-фуд орталығынан пицца, суши, тауық тағамдарын тапсырыспен үйге алдыртып тұтынған 68 адам зардап шегіп, қоғамдық тамақтану орны жабылған. Алайда, жеке кәсіпкер тапсырыспен халыққа қызмет көрсетуін тоқтатпаған. Қаладағы Нышанов көшесі №1А мекенжайындағы осы нысанда екінші рет тамақтан улану жағдайы тіркелді. Жалпы зардап шеккендер саны — 14 адам. Науқастардың барлығы пицца, суши тағамдарын тапсырыспен үйге алдыртып тұтынған. Орын алған жағдайларға байланысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары тарапынан нысандарға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмай өрескел кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды. Қазіргі таңда нысан жабылып, полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, департамент тарапынан 919 тамақтану орнына профилактикалық бақылау жүргізілген» — деп баяндады спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысында ахуалдық орталыққа 800-ден астам бейнекамера қосылған

Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Цифрлық даму орталығы» мекемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікті бақылау бөлімі — өңірдегі бейнекамералардың ...

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Сергек» жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында департамент бастығының орынбасары Даулеткелді Абдрамановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында ...