Түркістанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілікке облыс әкімі мен тұрғындар белсене қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілікке облыс әкімі мен тұрғындар белсене қатысты

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Жалпы, облыс көлемінде оған 50 мыңнан аса тұрғын қатысып, 17 мың ағаш көшеті егілді. Экологиялық бастамаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қолдау білдіріп, Түркістандағы «Парасат» саябағы аумағында көшет отырғызды. Аға буын мен зиялы қауым өкілдерімен, жастармен кездесіп, аймақты көгалдандыру, жасыл желекті көбейту маңызды екенін жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы бәріміз үшін маңызды. Қоршаған орта таза болса, қоғам тазарады. Ағаш егіп, айналаны таза ұстау әрбір тұрғынның міндеті болуы керек. Бүгінгі экологиялық іс-шараде белсенділік танытқан ардагерлерге, жастарға, тазалық мекемесінің қызметкерлеріне, тұрғындарға алғысымды білдіремін, – деді Нұралхан Көшеров.

«Парасат» саябағында 120 көшет отырғызылып, жасыл желек аумағы ұлғая түсті. Белсенділік танытқан тұрғындардың бірі – Мәдениет қараткері Ұлжан Мұстафаева.

– Бүгін қаладағы ардагерлер мен аға буын өкілдері, аналар алқасының мүшелері осы іс-шараға арнайы келіп тұрмыз. Мақсат – туған қаланы жайқалтуға үлес қосу. Немеремді ертіп келдім. Барша түркістандықтарды «Таза Қазақстан» бағдарламасына үлес қосуға шақырамын, – дейді ол.

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...