«Ескі пластинка» аға буынның жанын жадыратты — Xnews — ақпарат агенттігі

«Ескі пластинка» аға буынның жанын жадыратты

Шымкенттің Орталық саябағында қалалық Қазақстан халқы Ассамблесы мен қалалық славян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ескі пластинка» концерті өтті.

Көпшіліктің көңілінен шыққан музыкалық іс-шараның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарының назарына өткен шақтың хит әуендерін ұсыну арқылы олардың жадында достық, сыйластық, махаббат сынды құндылықтарды жаңғыртып, аға буынға қуаныш сыйлау және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.

Шымкент қаласы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нүркен Әлімқұлов концертке арнайы қатысып, ұлағатты ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Достық пен өзара сенім қалыптасқан қоғамда түсіністік пен сыйластық өз тұғырынан түспейтінін айрықша атап өтті.

Жиналған жұртшылық алдында шымкенттіктердің сүйікті «Южный город» тобы, Людмила Наумова, Алексей Скибин, Нұрлан Жұбаниязов, Разия Гареева, Светлана Артёмова, София Карпец, Светлана Рашидова сынды бірқатар жергілікті өнер жұлдыздары өнерлерін көрсетті.

Еліміздің үшінші мегаполисі тұрғындары арасындағы биік абыройға ие «Фонограф» ретро-тобы болса, әнсүйер қауымға танымал музыкалық әуендерді нақышына келтіре орындап, саябаққа жиналған көпшілікті керемет әсерге бөлеп, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...