Түркістан: Жұмыссыздықпен күрес – басты міндет — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Жұмыссыздықпен күрес – басты міндет

Облыс көлемінде халықты жұмыспен қамту шаралары ұдайы жалғасып келеді. Өңірде жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету және жұмыс берушілер мен іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату мақсатында жыл басынан бері 64 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткен.

Аталған шараларда 1 257 жұмыс беруші өз қызметтерін ұсынып, барлығы 6 841 бос жұмыс орны жарияланды. Нәтижесінде 6 761 азамат қатысып, олардың ішінде 2 344 адам нақты жұмыспен қамту шараларына жолданды. Атап айтқана, 878 азамат тұрақты жұмысқа орналасты, 735 адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы еңбекке тартылды. Қалған 1 466 азамат Ұлттық жобалар аясында жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар өндіріс орындарына барып, жұмыс іздеушілерді нақты бос жұмыс орындарымен таныстыруға бағытталған «Ашық есік күндері» өткізіліп келеді. Ал облыс аумағындағы бос жұмыс орындары жөніндегі мәліметтер әлеуметтік желілерде тұрақты жарияланып, халыққа қолжетімді ақпарат кеңінен таралуда.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың бекіткен жоспар-кестесіне сәйкес, жыл соңына дейін 84 жәрмеңке және 38 ашық есік күнін өткізу межеленген.

Бұл – аймақтағы еңбек нарығын тұрақтандырып, әрбір азаматтың кәсіби әлеуетін ашуға ерекше серпін беретін мүмкінік. Жұмыссыздықпен күрес – әлеуметтік қолдау ғана емес, елдің дамуына, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашатын басым бағыттардың бірі.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...