Түркістанда оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданудан бас тартты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданудан бас тартты

Енді Түркістан қаласындағы бірқатар білім беру ұйымдарында оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданбайды. Бұл бастаманы Түркістан қалалық білім бөлімі қолға алып, “Смартфонсыз мектеп” жобасын ұсынды. Ұсынысқа ата-аналардан бастап, ұстаздар мен балалар ерікті түрде келісім беріп, құптап отыр. Мектеп қабырғасына келген әр сыныптағы оқушыларға бөлек телефон сақтайтын қорапша әзірленген. Білім алушылар телефонды сабақтан тыс, үзілістерде пайдалана алады.

Осыған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда оқушылардың смартфон ұстауына неге шектеу қойылатынын түсіндірген болатын.

«Ата-аналар мен педагогтардан келіп түскен өтініштер мен шағымдардың нәтижесінде осындай шешім қабылданып отыр. Тағы қайталап айтамын, бұл – сабақ барысында мұғалімдердің рұқсатынсыз оқушылардың смартфонды пайдаланбауына қатысты заң. Алайда сабақ біткеннен кейін және сабақтан тыс уақытта оқушы өзінің ұялы телефонын алып, ата-анасына хабарласа алады. Мектеп негізінен саналы тәрбие мен сапалы білім беру керек. Сондықтан оқушылар сабақтың барысында мұғалім берген материалды толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдауы қажет. Әрине, бүгінде балаларымызды смартфондар алаңдататыны алады. Оның мұндай құқығы шектелген жоқ. Бұл – тек сабақ барысындағы шектеу», — деген еді министр.

Басты мақсат – білім сапасын арттыру, оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық денсаулығына оң әсер ету. Сондай-ақ, бір-біріне деген қарым-қатынасты жақсартып, бос уақытты тиімді пайдалана білу.

Міне, осындай нақты ережелер мен бақылау шараларын енгізу смартфондардың білім беру ортасына тигізетін зиянын азайтып, сапалы білім мен тәрбиеге назар аударуға орасан ықпал етпек. Бір қарағанда қарапайым мәселе боп көрінгенімен, бұл жоба болашақ ұрпақ үшін өте маңызды қадам!

Ендеше, әрбір баланың өз елінің саналы, білімді азаматы боп қалыптасуы үшін Сіздер де осы бастамаға барынша қолдау білдіріп, бөлісе жүріңіздер!

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...