Түркістан облысында қоғамдық орындардағы тазалықты бақылау мақсатында 700-ден астам бейнекамера орнатылған — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында қоғамдық орындардағы тазалықты бақылау мақсатында 700-ден астам бейнекамера орнатылған

Түркістан облысында жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында айналаны ластаушыларға қарсы нақты шаралар қабылдануда.

Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдар тарапынан арнайы топтар құрылып, бейнекамералар арқылы бақылау жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда тек Түркістан қаласының өзінде 514 бейнебақылау камерасы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Ал өңірдегі аудандармен қоса есептегенде жалпы 709 камера орнатылған. Бұл камералар қоғамдық тәртіпті сақтау мен экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізуде.

Осы ретте, «Smart Turkistan» жобасы шеңберінде жұмыс істейтін «Ахуалды реттеу орталығының» қызметкерлері бейнебақылау арқылы қоқыс тастаған азаматтарды байқап, жедел түрде учаскелік полиция қызметкерлеріне хабар береді. Нәтижесінде тәртіп бұзушы дер кезінде анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қолданылады. Мұндай жүйелі жұмыстар тұрғындарға экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Алдағы уақытта камералар санын арттырып, қоғамдық орындардағы бақылау жұмыстарын күшейту жоспарланып отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...