Шымкент: Әлеуметтік қолдау шаралары және жұмыспен қамту басты назарда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Әлеуметтік қолдау шаралары және жұмыспен қамту басты назарда

Қарттар күніне орай 70 жастан асқан азаматтарға 3 АЕК (11 796 тг) көлемінде бір реттік көмек, ал 80 жастан асқан жалғызбасты қарттарға 2 АЕК (7 864 тг) мөлшерінде ай сайынғы көмек беріледі. Сонымен қатар, зейнеткерлерге тегін қоғамдық көлік және санаторлық ем қабылдауға жолдама қарастырылған.

99 216 зейнеткер тұратын Шымкент қаласында «Ізетті зейнеткер» мекемесі 120 зейнеткерге дейін қабылдай алатын толық жағдаймен қамтамасыз етілген емдеу орнын іске қосқан.

Айта кетейік, Шымкент қаласында еңбек ардагерлерін сауықтыру ем-домымен қамтамасыз ету мақсатында қалалық мәслихаттың шешімімен шипажайларға тегін жолдамалар қарастырылған. Жолдама зейнеткерлерге кезек тәртібімен беріледі. Ол үшін алдымен geo-shym.kz сайтына кезекке тіркеліп, кезектегі орнын қадағалауға болады. Қазіргі таңда аталған сайтта шипажай кезегіне 26 мыңнан астам зейнеткер тіркелген. Ал жылдық лимит – 7 500 жолдама. Сондықтан әр зейнеткер шамамен 2,5–3 жылда бір рет сауықтыру қызметін тегін пайдалана алады. Биыл зейнеткерлерге Шымкент қаласындағы «Денсаулық» шипажайы, Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Ақсу демі», Жетісайдағы «Күлпаршын», Жамбыл облысындағы «Айша-Бибі» шипажайы және Шымкенттегі мемлекеттік «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешеніне жолдама беріліп жатыр. Қалалық басқармаға қарасты «Ізетті зейнеткер» кешені Бозарық шағынауданындағы жаңа ғимаратқа көшкелі бері қызмет ауқымы кеңейіп, бір мезетте қабылдайтын адам саны артқан. Бұрынғы ғимарат 70 орынға лайықталған болса, қазіргі жаңа кешен 120 зейнеткерді бір уақытта қабылдай алады. Жыл басынан бері орталықтан 836 зейнеткер сауықтыру емін алған. Оның ішінде 558 адам жаңа ғимаратта, яғни 11 наурыздан бері қызметке жүгінген. Жаңа кешенде емдік ванна, циркулярлық душ, УФО, УЗТ, УЗЧ, биаптрон, тұз шахтасы, электротерапия және радиус сынды заманауи медициналық қызмет түрлері қолжетімді. Зейнеткерлер қазіргі орталық қызметіне риза екенін айтып, алғыстарын білдіруде.

25 қыркүйекте «Арбат» демалыс аймағында «Еңбек күні» мерекесіне орай «Еңбек – елдің мұраты» атты өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 100-ден астам жұмыс беруші мен солтүстік өңірлерден делегациялар қатысып, ерікті қоныс аудару бойынша да кеңестер берілді.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...