Президент Жолдауы – еліміздің болашақ жолы — Xnews — ақпарат агенттігі

Президент Жолдауы – еліміздің болашақ жолы

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Бұл маңызды саяси құжатта еліміздің алдағы кезеңдегі даму бағыты, экономикалық өрлеу мен әлеуметтік әділеттілік, саяси жаңғыру мен өңірлік дамудың негізгі басымдықтары айқындалды. Президент халыққа арналған сөзінде: «Біздің басты мақсатымыз – әділетті қоғам құру, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу және әрбір азаматтың өмір сапасын арттыру» деген тұжырым жасады. Жолдау – жаңа дәуірге бастайтын бағдаршам, елді ортақ мақсатқа жұмылдыратын стратегиялық құжат.

Мемлекет басшысы ең алдымен экономикалық саясаттың өзегіне айналған инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және индустриялық аймақтарды дамыту мәселелеріне тоқталды. Бұл бағыт ауданымыз үшін айрықша маңызды. Өңірде индустриалды аймақ жұмыс істеп, онда жаңа зауыттар мен кәсіпорындар ашылуда. Жаңа өндірістердің іске қосылуы тұрғындарды жұмыспен қамтып қана қоймай, аудан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуде. Президенттің кәсіпкерлікті қолдау және кедергілерді азайту жөніндегі тапсырмалары шетел инвесторларынажәне ауданымыздағы іскер азаматтарға зор мүмкіндік береді.

Жолдаудағы жерді тиімді пайдалану, аграрлық секторды цифрландыру, өнімділікті арттыру тапсырмалары аудан шаруалары үшін тың серпін болмақ. Егіншілік пен мал шаруашылығына бейім ауданымыз жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. Заманауи логистика жүйесі өнімді нарыққа жылдам жеткізіп, шаруалардың табысын еселей түспек.

Инфрақұрылымдық даму да Президент назарындағы басты мәселе болды. Бұл бағытта ауданымызда жаңа тұрғын үйлер салынып, ауылдарға таза ауыз су жеткізіліп, жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда. Мұндай игі істер халықтың тұрмыс сапасын арттырып, ауданның әлеуметтік бейнесін жаңартып келеді.

Әлеуметтік салаға қатысты бастамалар да ауданымызбен сабақтасып жатыр. Ауданымызда жаңа мектептер бой көтеріп, білім беру сапасы артуда. Денсаулық сақтау нысандары жаңарып, ауылдық амбулаториялар ашылуда. Президент тапсырмалары мен аудан деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстардың үйлесуі халықтың әл-ауқатын көтеруге қызмет етуде.

Жастарға қолдау көрсету – Жолдаудағы маңызды бағыт. Ордабасы жастары білімде, кәсіпкерлікте, спортта белсенділік танытып келеді.

Президент цифрландыру мен инновацияны дамытуды да ерекше атады. Ордабасыда мемлекеттік қызметтер электронды форматқа толық көшіріліп, аграрлық салада жаңа технологиялар енгізілсе ауданның заманауи даму жолын айқындай түсуге бағыт береді.

Қорыта айтқанда, бүгінгі Жолдау – ел дамуының жаңа кезеңіне бастар тарихи құжат. Ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері, еңбекқор халқы, зиялы қауымы және кәсіпкерлерінің Президент айқындаған міндеттерді толық қолдай отырып, оларды іске асыруға жұмылуы арқылы Ордабасы – ұлттық бірлік пен жасампаз еңбектің символы ретінде еліміздің өркендеуіне өз үлесін қоса бермек.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысында ахуалдық орталыққа 800-ден астам бейнекамера қосылған

Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Цифрлық даму орталығы» мекемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікті бақылау бөлімі — өңірдегі бейнекамералардың ...

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Сергек» жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында департамент бастығының орынбасары Даулеткелді Абдрамановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында ...