Жарықтандыру мен жылу жүйесі: Тұрғындардың жайлы өмірі басты назарда — Xnews — ақпарат агенттігі

Жарықтандыру мен жылу жүйесі: Тұрғындардың жайлы өмірі басты назарда

Абай ауданында тұрғындардың қолайлы тұрмысын қамтамасыз етуге ерекше мән берілуде. 2024 жылға дейін аудан көшелерінің тек 15 пайызы ғана жарықтандырылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш түбегейлі өзгерді. Бүгінде 954 көше жарықтандырылып, жыл соңына дейін барлық көшелерге жарық шамдары орнатылады. Бұл қала әкімінің тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан маңызды бастамалардың бірі.

Жылу маусымына дайындық та жүйелі жүргізілуде. Аудан аумағындағы 255 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы қысқы маусымға әзір. «ҚуатжылуОрталық» мекемесі арқылы орталық жылу жүйесіне қосылған үйлерге толықтай сығымдау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 32 мектеп, 9 балабақша және 13 медициналық ұйымның жылу жүйелері дайын.

Аудан тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытында аулалар мен арықтардың жиектерін қоршау, көпірлер салу, аяқжолдарды ретке келтіру жұмыстары да атқарылып келеді. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты қадамдар.

Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі – Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы мәлімдеді.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/wAOb96tzKBk?si=K6nWFYKPLo6DB8Vz

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...