Затобол кентінің атауы Тобыл деп өзгертіліп, қала мәртебесі берілді

Қостанай облысындағы Затобол ауылының атауы Тобыл деп өзгертіліп, аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды, — деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап,

Бұл қаулыға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген сайтта.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты – Президент

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды.  «Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл ...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, еліміздің рухани астанасы, түркі халықтарына ортақ қасиетті мекен саналатын Түркістан қаласына сапармен келгені үшін ...