«Street Food Fest»: Шымкентте ең үлкен гамбургер әзірленіп, рекорд орнатылды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Street Food Fest»: Шымкентте ең үлкен гамбургер әзірленіп, рекорд орнатылды

Шымкентте алғаш рет ауқымды Street Food Fest фестивалі ұйымдастырылды. Ашық аспан астында өткен дәм мерекесіне 50-ден астам қоғамдық тамақтану орны қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарына өздерінің ерекше мәзірлерін ұсынуда.

Фестивальде қонақтар тек тамақтанып қана қоймай, жергілікті аспаздардың шеберлік сағаттарын тамашалап, қолөнер бұйымдарын сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Шараның шарықтау шегі – салмағы 55 келі тартатын алып гамбургердің дайындалуы болмақшы. Бұл ерекше тағам Қазақстанның рекордтар кітабы — КИнЭС-ке еніп, еліміздегі ең үлкен гамбургер ретінде тіркеледі деп күтілуде.

Фестивальдің басты ерекшелігі – көше тағамдарына басымдық берілгені. “Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Омаровтың айтуынша, бұл фестивальдің форматында отыратын орындар қарастырылмаған. Яғни, тағамдардың барлығы – street food стиліне сай тұрып жеуге арналған. Сондай-ақ, салқын сусындар мен балмұздақ өндірушілердің де өнімдері кеңінен ұсынылды.

– Бұл жерде кәсібі бар азаматтар үшін керемет жарнама болды. Әрқайсысы өз өнімін еркін сатып, халықпен тікелей байланыс орнатуда. Сауда айналымы жоғары болады деп күтудеміз, – дейді Ерлан Омаров.

Фестиваль күндізгі уақытта аспаздық көрмелермен, шеберлік сағаттарымен, culinary fire show сынды әсерлі аспаздық қойылымдармен өрбіді. Көше биі сайысы мен акробатикалық өнерлер де көрермен көңілін көтеріп, мерекенің шырайын кіргізді. Кешке танымал эстрада жұлдыздарының концерті болады.

Street Food Fest фестивалі Шымкенттің гастрономиялық әлеуетін паш етіп қана қоймай, қаланың туристік тартымдылығын арттыруға елеулі үлес қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта бұл шара жыл сайынғы дәстүрлі фестивальге айналмақ.

Ал енді, кеш қалмай, фестивальге келіңіз!

Дереккөз: «Шымкент келбеті» газеті

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...