Жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру әрі іске асыру – Еңбек министрлігі қызметінің басты бағыттарының бірі. Жұмыспен қамту шаралары еңбек ресурстарын кәсіптік оқыту, олардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдем беру және оларға еңбек дағдыларын беру немесе сақтауды көздейді. Биыл бұл шараларға 277 мыңға жуық адамды тарту көзделуде. 2025 жылдың алғашқы 6 айында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 200 мыңға жуық адам тартылды. Бұл жайлы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Оның айтуынша, 48 мың жұмыссыз қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарымен қамтылды, 30 мыңнан астамы «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерді үйренуге жіберілді. 4200 адам бизнес идеяларды асыруға 400 АЕК мөлшерінде гранттарға ие болды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 167 мыңға жуық азаматты жұмысқа орналастыру жоспарда бар. Жыл басынан бері субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 114 мыңға жуық адам орналасты. Оның ішінде 81 мың адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, осал топтарға жататын 10 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 8 мыңға жуық адам жастар тәжірибесіне жіберілді, 1,5 мың адам «Алғашқы жұмыс орны», 69 адам «Ұрпақтар келісімшарты», 13 мың адам «Күміс жас» жобалары аясында жұмысқа тұрды.
Өткен 6 айда 48 мың адамға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары ұйымдастырылды, оның ішінде: білім беру ұйымдарында – 1840 мың адам жіберілді, 66 мың адам маусым айында оқуын аяқтады. Жұмыс берушінің жұмыс орнында – 1400-ден астам адам, Skills Enbek платформасында онлайн оқытумен 45 мың адам қамтылды. Оқуды барлығы 42 мың адам аяқтады.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 30 мыңнан астам адам қамтылып, жоспар 68%-ға орындалды. Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамту құралы — кәсіп бастауға бастапқы капитал құю. Бұл үшін мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 400 АЕК сомада гранттар берілуде. 2025 жылы 9 мың грант беру жоспарлануда», – деді спикер.
Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады. Биыл 1 шілдеге дейін бірінші кезең аясында 4,2 мыңға жуық адамға грант берілді. Қаражат құрал-саймандарды, жабдықтарды, жануарларды сатып алуға, үй-жайларды жалға алуға және бизнес жобаларды жүзеге асыруға байланысты басқа да қажеттіліктерге жұмсалады.
Xnews: Жауапты мамандар Жұмысшы мамандықтар жылында білім беру жүйесі мен мамандардың біліктілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады деген пікірде.
«Қазіргі таңда өңіріміздегі 400-ден астам кәсіпорын дуальды оқыту жүйесіне қатысуда. Жалпы саны 24 колледже 8 мыңға жуық шәкірт 25 сала мен 75 мамандық бойынша осы жүйемен қамтылған. Осының нәтижесінде студенттер өз мамандығының теориясын ғана емес, практикалық біліктіліктерін де үйреніп, кәсіпорындарда іс-тәжірибеден өтуде. Жалпы, Кәсіпкерлер палатасы мен қаламыздағы білім беру ұйымдары мықты мамандар әзірлеп, экономиканың барлық саласын дамытуға негіз болатын мықты әрі тұрақты жүйе құру бағытындағы жұмысты жалғастыра түседі», – дейді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
