Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Бүгін Түлкібаста дәстүрлі тазалық күні өтті.

«Таза Қазақстан» науқаны аясында ұйымдастырылған шарада ауданымызға аяқ басқан туристердің сүйікті жеріне айналған «Ақсу-Жабағылы» қорығына баратын 20 шақырымнан астам күре жолдың екі жағы қоқыстан және қураған ағаштан тазартылды.

Экошараға аудан әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлімдердің қызметкерлері белсене атсалысты. Бұл жерде әр мекемеге ондағы мамандарының санына байланысты арнайы аумақ бөлініп берілді.

Сондай-ақ, ауылдық округ, кент әкімдіктері өздеріне тиесілі учаскелерде тазалық жұмыстарын атқарып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Айта кетерлік, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, бүгінгі күнге дейін Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 369 тазалық акциялары өткізіліп, оған 10 мыңғы жуық адам қатысқан. 200-ден астам арнайы техника тартылып, нәтижесінде, шамамен 400-ге жуық күл-қоқыс арнайы орынға шығарылды.

Түлкібас ауданы әікімдігінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...