Шымкентте Орталық Азияның бірінші жаһандық цифрлық конференциясы — Global Tech Wave Central Asia өтеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте Орталық Азияның бірінші жаһандық цифрлық конференциясы — Global Tech Wave Central Asia өтеді

2025 жылдың 12 мен 14 қыркүйегі аралығында Қазақстанның мегаполисі және еліміздің ірі өнеркәсіп орталығы Шымкент қаласында бірінші Global Tech Wave Central Asia (бұдан әрі – GTW CA) өтеді. Бұл аймақта теңдесі жоқ жаңа форматтағы орталықтандырылмаған цифрлық конференция. GTW CA жетекші халықаралық сарапшыларды, стартап-қауымдастықтарды, инвесторларды және жаһандық корпорациялардың өкілдерін біріктіреді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жаһандық конференцияға аймақтың технологиялық болашағымен бөлісіп қана қоймай, оның дамуына инвестиция салуға дайын YouTube, SIRI, Atari, Ubisoft және Griffin Gaming серіктестері бастамашылық етті. Y Combinator, 500 Startups, Andreessen Horowitz (a16z), European Business Angels Network өздерінің қатысуын алдын ала растады. Мұндай компаниялардың, сондай-ақ басқа венчурлық және акселерациялық қорлардың болуы қазақстандық стартаптар үшін инвестициялардан бастап тәлімгерлік қолдауға және стратегиялық өсуге дейін үлкен мүмкіндіктер ашады. GTW CA – LA Tech Week апталығында, одан кейін Грузияда (Тбилиси, 20-22 маусым) басталған оқиғалар тізбегі, содан кейін ол Орталық Азияға, атап айтқанда Шымкентке ауысады.

Одан әрі шара Үндістан мен Уругвайда өтеді. Үш күн ішінде Шымкенттің әртүрлі орындарында Web3, жасанды интеллект және финтехтен мәдениет пен қоғамдағы цифрлық трансформацияға дейінгі озық тақырыптарды қамтитын 30-дан астам іс-шара өтеді. Сондай-ақ, цифрлық іс-шарада алғаш рет кинотеатр, ойын және киберспорт тармақтары болады. Бағдарламаның іскерлік және көрмелік бөлігіне келетін болсақ, GTW CA екінші күнінде 120-дан астам спикердің қатысуымен панельдік сессиялар өтеді.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...