Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 29 білім ұясының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 13-і былтыр пайдалануға тапсырылса, ал қалған 16 мектеп жыл соңында дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде «Келешек мектептері» жобасы аясында 8 жаңа мектептің ашылуы жоспарлануда. Салтанатты ашылу рәсімі 1 қыркүйек – Білім күніне орай өтеді.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиналыста жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталып, атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Жиналыста облыс әкімінің орынбасары жауапты басқарма басшылары мен аудан және қала әкімдерінің орынбасарларына бірқатар міндет жүктеді.

– Білім нысандарындағы құрылыс және жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталып, ғимараттар сапалы атқарылуы тиіс. Білім ұяларын оқушылармен толық қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылсын. Мектептерге мұғалімдер мен техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде заң талаптарының сақталуын тапсырды. Жаңа оқу жылына дайындықты жіті қадағалап, ұйымдастыруға шұғыл кірісіңіздер! – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, жаңа оқу жылы қарсаңында ашылатын 8 мектептің 7-інде бала толымдылығы 97,3 пайызды құрап отыр. Қазіргі таңда жаңа мектептерді педагогтермен және техникалық қызметкерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 107 техникалық қызметкер жұмысқа қабылдану үстінде.

Бұдан бөлек облыста жергілікті бюджет есебінен 17 жаңа білім нысандары салынып жатыр. 115 мектеп жаңғырту жобасына енген болса, биылғы жылы 41 мектеп реновациядан өтуде. Сонымен бірге, өңір бюджеті есебінен 59 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы биыл Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өтуде.

Биыл облыста 43 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 29-ы «Келешек мектеп» ұлттық жобасы арқылы болса, қор есебінен 14 білім ордасы бой көтеруде.

Түркістан облысв әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

«Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» интеллектуалды сайысы өтті

Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. ...