Шымкенттегі «B.A.E.R» текстиль фабрикасы медициналық өнімдердің сенімді өндірушісі — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттегі «B.A.E.R» текстиль фабрикасы медициналық өнімдердің сенімді өндірушісі

Шымкент қаласында орналасқан «B.A.E.R» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі саласында табысты жұмыс жүргізіп келеді. Жалпы құны 316 миллион теңгені құрайтын бұл жоба жылына 4 миллион желілік метр өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріс нысаны 1,5 гектар аумақты алып жатыр. Бүгінде фабрикада 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Кәсіпорынның негізгі бағыты – жоғары сапалы марля, бинт, дәрілік заттар және басқа да медициналық өнімдер өндіру. Барлық тауар түріне тиісті сертификаттар мен декларациялар ұсынылады, бұл өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Компания фармацевтикалық саладағы маңызды бағыттардың бірі – экстемпоральды рецептураға да ерекше мән береді. Бұл – нақты пациенттің жеке рецепті бойынша дәрілік препараттарды дайындау үдерісі. Оған рецептураны әзірлеу, компоненттерді іріктеу, шикізатты бақылау және сапаны тексеру секілді кезеңдер кіреді.

«B.A.E.R» ЖШС ұсынатын қызметтер қатарында:
• медициналық бұйымдарды орау
• өнімдерді таңбалау
• таблеткаларды ұнтақтау
• стерильді және стерильді емес ерітінділерді тапсырыспен дайындау
• спирт сұйылту
• медициналық мекемелер үшін дәрілік заттарды оңтайлы пайдалану бойынша кеңес беру

Кәсіпорынның өндірістік қуаты тапсырыстарды жедел орындауға мүмкіндік береді. Бүгінде компания медициналық мақсаттағы өнімдердің 95 пайызын тұрақты түрде қорда ұстап, нарық сұранысына жедел жауап беріп келеді.

«B.A.E.R» ЖШС – медициналық өнімдер өндірісіндегі сенімді серіктес және отандық фармацевтикалық нарықтың тұрақты қатысушысы.

Фабриканың басты ерекшелігі жоғары сапа, яғни «B.A.E.R» фабрикасы барлық стандартты тексерістен өткен. Сондай-ақ, индустриалды және СТ-KZ сертификаттарына ие.

x

Check Also

Выступление Главы государства на церемонии награждения медицинских работников

Уважаемые участники! Поздравляю вас с Днем медицинского работника. В прошлом году мы впервые пригласили в Акорду медиков – представителей одной ...

Мемлекет басшысының медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі

Құрметті жиналған қауым! Ең алдымен баршаңызға медицина қызметкері күні құтты болсын деймін. Өткен жылы біз ардақты кәсіп иелері – медицина ...