«Достық керуені» жобасы аясында Түркістанда ақпараттық-насихаттық кездесу өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

«Достық керуені» жобасы аясында Түркістанда ақпараттық-насихаттық кездесу өтті

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасын іске асыру аясында Түркістан қаласында ақпараттық-насихаттық кездесу өтті.

«Достық керуені» жобасының мақсаты – өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулер өткізуі, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу үшін жастар, мәдени және басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатысу.

Жиынға қалалық ішкі саясат бөлімі, Ассамблея жастары, Жастар ресурстық орталығының өкілдері, этнос жастары қатысты.

«Достық керуенінің» спикері Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы« Қоғамдық келісім» КММ-нің басшы орынбасары Ерназар Баетов қатысушыларға елдің бірлігі мен татулығы, этносаралық татулықты сақтау бағытында сөз сөйлеп, достық негіздерін насихаттады. Кездесу барысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, заң мен тәртіп, жұмысшы мамандықтар жылы тақырыптары да кеңінен сөз болды.

Қатысушылар да өз ойларын, ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Жиын барысында этносаралық қатынастарды одан әрі нығайту, этносаралық келісім, жастар тәрбиесі, жат ағымдардан аулақ болу, кеңес жұмысын жандандыру туралы айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...