Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісі: Мемлекеттік мүлік және азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары талқыланды

Қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мемлекеттік мүлікті жалға беру, тәркіленген коммуналдық меншікке қабылданған мүліктер мәселелері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды.

Қаржы басқармасының басшысы Р. Бақтыбаев аталған мүліктерді пайдалану барысын баяндады. Жыл басынан 183 нысан, яғни 23,7 мың шаршы метр жай жалға берілді. Сонымен қатар, 63 нысан ғимараттары жоқ мекемелерді орналастыруға және білім беру ұйымдарында алғашқы медициналық көмек көрсету кабинеттеріне 22,1 шаршы метр жайлар өтеусіз негізде мүліктік жалдауға берілді. Нәтижесінде есепті жылға бюджетке түсетін түсімдер жоспары 200 млн.тенгені құрап, бүгінгі таңда бюджетке нақты – 139,3 млн.теңге немесе 69,6%-ға түсім түскен.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Т. Мекамбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда атқарылып жатқан кешенді шараларға тоқталды. Қала халқы бір жылда жалпы 600 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады. Тұрғындар рожки, ұн, нан өнімдерімен толығымен 100%-ға қамтамасыз етілуде. Сиыр еті бойынша қала өзін 17% қамтамасыз етіп, қосымша қажеттілік Түркістан облысынан тасымалданады.

Көкөніс өнімдерінен де өзге өңірлерге де тәуелдіміз. Картоп Павлодар, Түркістан облыстарынан, Қытай Республикасы, Ресей Федерациясынан, пияз Жамбыл, Түркістан облыстарынан, Өзбекстан Республикасынан, сәбіз Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарынан, Ресей Федерациясынан, ал қырыққабат Түркістан облысымен Өзбекстан Республикасынан жеткізіледі. Әлеуметтік сауда нүктелерін ұлғайту мақсатында «Грамад» сауда желісі тарапынан «Бақша» атты 14 әлеуметтік дүкендер іске қосылды. Ал, қалған 10 сауда нүктесі орнатылу барысында. Бұл өз кезегінде, халықты әлеуметтік тауарлармен қолжетімді бағада қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді.

Еске салсақ, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында ет бағасының қымбаттауы жөнінде ақпарат таралған болатын. Осыған байланысты Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекамбаев БАҚ өкілдеріне арнайы түсіндірме беріп, қаладағы «Qazet» және «Magnum» сауда желілеріндегі баға тұрақтылығын бірге тексерді. Аталған сауда нүктелерінде сиыр еті бекітілген әлеуметтік бағада, яғни 1 келісі – 2590 теңге мөлшерінде сатылуда. Сонымен қатар, «Қасқасу-S» және «Бәйтерек» шаруа қожалықтарымен 1 келісі 2620 теңге бойынша келісімшарттар жасалған.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында бірінші қажетті азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар кәсіпкерлік субъектілерімен, ірі сауда желілерімен, үй жанындағы дүкендермен және жергілікті тауар өндірушілермен өзара келісімдер жасалып отыр. Сиыр етінің негізгі бөлігі Түркістан облысынан, оның ішінде етті мал шаруашылығымен айналысатын жетекші елді мекендердің бірі – Қарабұлақ ауылынан жеткізіледі. Жем-шөп, астық және құрама жем бағасының өсуі еттің өзіндік құнына әсер еткенімен, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін «айналым схемасы» арқылы тұрақтандыру шаралары жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігі азық-түлік қауіпсіздігі мен бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.

x

Check Also

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...

В Шымкенте прошла ярмарка труда, на которой предложено около 2 тысяч рабочих мест

В Шымкенте растёт активность на рынке труда. Сегодня в городском выставочном центре состоялась крупномасштабная ярмарка вакансий под названием «Труд – ...