Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды

1–14 тамыз аралығында Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шара өтуде. Шараның негізгі мақсаты – қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық және құқықтық мәдениетін арттыру.

Рейдтік жұмыстар Шымкент қалалық полиция департаменті мен қала әкімдігі бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілуде. Нәтижесінде, бірқатар азаматтар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері санитариялық талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда тыныштықты бұзған тұлғаларға да заң шеңберінде шара қолданылды. Кез – келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» — бұл қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және жайлы орта құруға бағытталған маңызды қадам.

Шара аясында тазалықтың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушылар мен қала белсенділері қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау және табиғатты аялау туралы ақпарат берді. Бұл түсіндіру жұмыстары әсіресе жастар мен тұрғындары үшін пайдалы әрі тәрбиелік мәнге ие болды.

«Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен ұқыптылықты қалыптастырып, отансүйгіштік сезімді арттырады. Тазалық – тек сыртқы көрініс емес, бұл – ішкі мәдениет пен жауапкершіліктің айнасы. Табиғатты қорғау – келешек ұрпаққа аманат екенін естен шығармаған жөн», — дейді ұйымдастырушылар.

Іс-шараның басты мақсаты – қала экологиясын жақсарту, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және ұрпақ санасына қоршаған ортаға деген құрметті сіңіру.

Құзырлы органдар қала тұрғындарын тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тастауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға және айналадағылардың тыныштығын құрметтеуге шақырады. 

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...