Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында келесі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», — деді президент. Яғни қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс.

Шымкент қаласының «Арбат» алаңында Қала күні мерекесі аясында елімізде алғаш рет өткізілген Shymkent Usta Fest – тұтас ағаштан жасалатын қолөнер шеберлерінің халықаралық фестивалі өткен еді. Ауқымды мәдени іс-шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Фестиваль үш негізгі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – ұжымдық шығармашылық жұмыс. Шеберлер топтасып мүсін өнерінің заманауи әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, түрлі туындылар жасайды. Бұл кезең – кәсіби мамандар арасында тәжірибе алмасуға арналған платформа болмақ.

Екінші кезең – «АСАР» эко-акциясы. Фестиваль аясында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қолдау ретінде экологиялық іс-шаралар өткізілді. Мұндағы мақсат – экологиялық сана мен еңбек мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру. Сонымен қатар, ұлттық қолөнер жәрмеңкесі өтіп, отандық шеберлерге қолдау көрсету.

Үшінші кезең – Speed Carving байқауы. Бұл кезеңде қатысушылар шектеулі уақыт ішінде ағаштан мүсін жасап шығару шеберлігін көрсетеді. Қазылар алқасы шеберлердің техникалық дәлдігі мен шығармашылық ойлауын бағалайды. Жеңімпаздарға арнайы жүлде табысталады.

Алты күнге созылған бұл фестивальге Қазақстанмен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Шешенстан және Ресей Федерациясынан келген танымал ағаш шеберлері қатысты. Бұл бастама биылғы жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы маңызды жобалардың бірі саналады. 

Фестиваль аясында ағаш шеберлерінің қолдан жасалған шығармашылық туындылары көрермен назарына ұсынылды. Көрмеге қойылған әрбір жұмыс — ұлттық болмыс пен тарихи танымның көрінісі, сондай-ақ экологиялық мазмұн мен философиялық терең мағынада орын тапқан өнер туындысы ретінде бағаланды. Бұл бұйымдар — тек қолөнер үлгісі ғана емес, сонымен қатар шебердің ішкі жан-дүниесі мен дүниетанымын бейнелейтін рухани мұра.

Алты күн бойы өткізілген іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтары шеберлердің жұмыс барысын тікелей тамашалай алды. Жоба аясында шеберлік сабақтары, мәдени алмасу және қолөнерге қызығушылығы бар жастармен кездесулер ұйымдастырылды.

Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек сөз сөйлеп, фестивальдің ұлттық мәдениетті сақтау мен дамытудағы рөліне тоқталды:

– Фестивальдің мақсаты – тұтас ағаштан жасалатын дәстүрлі және заманауи бұйымдар арқылы ұлттық қолөнер мұрасын дәріптеу, кәсіби шығармашылықты дамыту және халықаралық мәдени байланысты нығайту. Шеберлер бір апта бойы «Арбат» көшесінде өз өнерін ортаға салып, ағашқа жан бітірді. Бұл – нағыз тірі экспозиция, – деді қала әкімінің орынбасары.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп әр адам адал жолмен еңбек етіп, бар маңдай терін төксе ғана жұмысының жемісін көре алатының ұмытпайық.

x

Check Also

Нацпроект «Келешек мектептері» успешно реализуется в Мангистауской области

В Мангистауской области успешно реализуется национальный проект «Келешек мектептері». Уже введены в эксплуатацию первые четыре школы, и в ближайшее время ...

Түркістан: Білім нысандарының жөндеу жұмыстары — қала әкімінің бақылауында

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһар аумағында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бірқатар білім беру мекемелерін аралап, құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысты. Сапалы ...