Алып күштің атасы — Xnews — ақпарат агенттігі

Алып күштің атасы

Ресей, түрік, француз палуандарын,
Бозкілемде бүктірген тарландарын.
Жапонның бас терісін сыпырып ап,
Тәубеге түсірген-ді қалғандарын.
Көп құрмет көрген еді түріктерден,
Тым тату тұрып келді түріктермен…
Қайратына тәнті боп Қажы деген,
Қасиетті атақты түрік берген.
Ұлы Отан соғысында көмек берді,
Сол кезде қажет етті көмектерді…
Бір ұшақ майданға деп жасау үшін,
Қалтасынан қаржыны төлеп берді.
Белдесу деген «майданнан»,
Оралып жаны жайланған.
Жеңіліп көрмей жеңіспен,
Аты аңызға айналған…
Барша ел біліп АЛЫПты,
Қайратына қанықты.
Мұңайтпастың Мұқаны,
Әлемге елін танытты…
Алып күш бойын билеген,
Жауырын жерге тимеген.
Білектей болат темірді,
Қамырша қолмен илеген.
Жер-жерге даңқын жеткізген,
Елдерді елең еткізген.
Жолбарыс жүрек үстінен,
Жүк көлігін өткізген.
Күрескен бозкілемде салып күшті,
Кезінде әлем білді АЛЫП күшті.
Өмірге осындай ұл алып келген,
Қашаннан ҚАЗАҚ деген халық күшті!

Қазыбек Әшірбекұлы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

Яндекс.Погода
x

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл өңірде ұлтымыздың тағдырын айқындаған аса маңызды шешімдер қабылданды»

«Түркістан – Қазақ хандығының саяси орталығының бірі екенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Бұл өңірде ұлтымыздың тағдырын айқындаған аса маңызды шешімдер қабылданды. ...

Шымкентте туристер үшін жаңа QR-қызмет іске қосылды

Шымкент қаласында туристік инфрақұрылымды дамыту аясында жаңа QR-қызмет іске қосылды. Енді қалаға келген қонақтар арнайы QR-кодты сканерлеп, онлайн форманы толтыру ...