Қажымұқандай күшті адам қазақта ғана болған — Xnews — ақпарат агенттігі

Қажымұқандай күшті адам қазақта ғана болған

1. Қара күштің иесі атанған батыр бабамыз теңдессіз өнерімен әлемнің 54 мемлекетін аралап, 48 медаль олжалаған екен. ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде Қажымұқандай мықты тек қазақта ғана болды. Қажымұқанның күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

2. Алып күш иесінің тұңғыш рет әлемдік деңгейдегі көрінген шағы 1906 жыл еді. Алманиядағы дүниежүзілік сайыста әлем чемпионы атанды. Сол кездегі саясаттың салдарынан ол орыс балуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Оған түрлі лақап аттар берілді.

3. Бірде Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» десе, енді бірде «Мухан», «Иван Чёрный» деп атаған. Ал, 1909 жылғы халықаралық балуандар жарысына «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп, бүкіл дүниежүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.

4. Ол өмірінің соңғы жылдары ел аралап, цирк өнерін көрсетіп, жиналған 100 мың сомға майданға ұшақ жібереді. Өз қаражатына жасалған ұшақты 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің қаһарманы – халық батыры Амангелді Имановтың есімімен атаған. Сталин Қажымұқанның осы ерлігі үшін арнайы марапат қағазын жіберген.

5. Қазақ қаламгерлерінің бәрі Қажымұқан туралы қалам тербеп, балуан жайлы бірнеше кітаптар жазды. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнаған бабамыздың бейіті Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Ұлттық рухтың айбыны: Шымкентте «Шымкент барысы – 2026» турнирі өтті

Қазақ күресі халқымыздың сан ғасырлық тарихымен бірге жасасып келе жатқан бекзат өнер. Бұл тек күш сынасу ғана емес, ерлік пен ...

Тоқаевтың бастамасы – Қазақстанның бірегей тарихи ескерткіштері халықаралық мәртебеге ие болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әрі тікелей қолдауымен Маңғыстаудың жартасты мешіттері (Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Сұлтан ...