ЮНЕСКО сахнасында арнау айтқан шымкенттік ақын — Бөрібай Оразымбет — Xnews — ақпарат агенттігі

ЮНЕСКО сахнасында арнау айтқан шымкенттік ақын — Бөрібай Оразымбет

2025 жылғы 17 мамырда Париждегі ЮНЕСКО бас пәтерінде қазақ пен қырғыз халықтарының дәстүрлі айтыс өнеріне арналған халықаралық мәдени шара аясында Шымкент қаласының тұрғыны, танымал айтыскер Бөрібай Оразымбет тарихи арнау айтып, үлкен қошеметке ие болды.

Ақын Бөрібай Оразымбет – суырыпсалма өнердің білгірі, шымыр ойлы, терең мағыналы жырларымен елге танылған шымкенттік ақсақал. Ол Франция астанасына Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен келіп, түркі дүниесінің ортақ мұрасын дәріптеген бұл рухани кездесуде арнау жыры арқылы екі халықтың бауырластығы мен айтыстың өрелі құндылығын жырға қосты.

ЮНЕСКО сахнасында арнау айту арқылы Бөрібай ақын қазақ пен қырғыз халықтарының мәдени тұтастығын паш етіп, Еуропа төрінде ұлттық өнеріміздің абыройын арттырды. Бұл – Парижлкгі ЮНЕСКО сахнасына шыққан ардагер ақын ретінде Бөрібай Оразымбеттің есімі айтыс тарихына жазылған сәт.

Оның осы арнауы Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлованың атынан арнайы сертификатпен бағаланды. Бұл марапат түркі халықтарына ортақ рухани мұраны халықаралық деңгейде насихаттағаны үшін берілді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...