«Таза Қазақстан»: Сарыағаш ауданында сенбілікке 2000-ға жуық адам атсалысты — Xnews — ақпарат агенттігі

«Таза Қазақстан»: Сарыағаш ауданында сенбілікке 2000-ға жуық адам атсалысты

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында бүгін Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өтті. Шарада республикалық маңызы бар А-15 тас жолының бойында, облыстық және аудандық маңызы бар тасжолдарының бойы мен ішкі көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Арман Абдуллаев атсалысып, арнайы аралады. Аудан әкімінің бастамасымен өткізілген тазалық жұмыстарының барысында көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазарту, талдарды ретке келтіру, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Оған қоса, жол жиегіндегі шөптер орылып, арық-атыздар тазаланды. Жалпы 7 техника жұмылдырылып, 14 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Саябақтар және скверлер ретке келтіріліп, 2000-ға жуық адам тазалық жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...