Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есе өседі — Xnews — ақпарат агенттігі

Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есе өседі

1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі 2 есе артады

ҚР Үкіметі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады.

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес, бір студентті оқытуға бөлінетін орташа қаражат көлемі 437 мың теңгені құрап келді, енді ол орта есеппен 912 мың теңге көлемінде болады.

Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандырушы төлем бөліктерінен тұрады. Ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі.

Бұл жаңа қаржыландыру жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларында өндірілген өнімді сатылымға шығару механизмі қарастырылып жатыр. Өндірістен түскен табыс білім беру ұйымдарын дамытуға бағытталатын болады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысында солтүстік өңірлерге оқуға шақыру туры өтіп жатыр

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде 31 наурыз-23 сәуір аралағында «SERPIN WAY 2.0» жобасын таныстыру мақсатында арнайы тур өтіп жатыр. Петропавл қаласынан басталған ...

Түркістанда 2500 үміткер қатысқан «Al-Farabi» республикалық интеллектуалды ойынының жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды

Түркістан облысында республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Білімділер додасы Түркістан облысы қоғамдық даму ...