Жастар табиғатқа жанашырлық танытты — Xnews — ақпарат агенттігі

Жастар табиғатқа жанашырлық танытты

Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Өнегелі ұрпақ» атты ауқымды іс-шара өтті. Шараға қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 500-ден астам студенті мен жас депутаттар белсене қатысты.

Экологиялық бастама аясында қатысушылар Қызылорда тас жолының бойымен өтетін Қарашық өзенінің айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Бұл жұмыстар арқылы жастар табиғатты қорғауға өздерінің азаматтық үлестерін қосты.

Игі шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты қоршаған ортаны аялауға, тазалық пен тәртіпке баулуға, табиғатқа жанашыр болуға және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге бағытталды.

Қала тұрғындарын табиғатқа бейжай қарамай, Қарашық өзенінің маңын таза ұстауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Таза қала – ортақ міндет!

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...