Ардагерлер шахматтан шеберліктерін байқатты — Xnews — ақпарат агенттігі

Ардагерлер шахматтан шеберліктерін байқатты

Биыл Ұлы жеңіске 80 жыл толады. Бұл – уақыттың жай ғана межесі емес, бұл – ерлікке толы өткеннің, бейбіт болашақтың, халықтың жігері мен рухының символы.

Осыған байланысты жеңістің 80 жылдығына арналған еліміздің түкпір-түкпірінде кең ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Әр бастамада қатарлары сиреп қалған майдангерлерге деген құрмет ерекше сезіледі. Республика көлемінде еске алулар, ардагерлермен кездесулер, жас ұрпаққа арналған патриоттық акциялар мен танымдық жобалар ұйымдастырылып, жалғасып жатыр.

Сондай іс-шараның бірін Абай ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырды. Олар «Ізетті зейнеткер» шипажайында ардагерлер арасында шахматтан жарыс өткізді.

Жарысқа ауданның қадірменді зейнеткерлері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – ардагерлердің қоғамдағы белсенділігін арттыру, денсаулықты нығайту, оларға мереке алдында құрмет көрсету болатын.

Зияткерлік додада ардагерлер өз шеберліктерін көрсетіп, қызықты партиялар өткізді. Ардагер-зинеткерлердің арасында апалар да нағыз тартысты ойын көрсетті. Жеңімпаздарға әкімдік тарапынан қомақты сыйлықтар табыс етілді. Ардагерлер де алғыстарын білдіріп, бір марқайысып қалды.

Аудан басшылары жылда ардагерлерді назардан тыс қалдырмай келеді. Себебі, рухани биіктіктің жарқын көрінісі — ардагерлерге көрсеткен ерлікке деген құрмет пен қамқорлық  деп санайды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...