«Шымкентті бірге тазартайық»: Экологиялық тәрбие – ел болашағына салынған инвестиция — Xnews — ақпарат агенттігі

«Шымкентті бірге тазартайық»: Экологиялық тәрбие – ел болашағына салынған инвестиция

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжат еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту, экологиялық білім мен мәдениетті дамыту сияқты маңызды бағыттарды қамтиды.

Шымкент қаласындағы 150 мектепте «Табиғатты аялайық» атты экологиялық сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, тазалық сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат алды. Экологияға қатысты білімдерін шығармашылық жобалар арқылы көрсетті. «ЖАС ЭКОЛОГТАР» тобы мүшелері өз ойларын суреттер, акциялар, экослеттер арқылы бейнелеп, табиғатты қорғауға қатысты белсенді ұстанымдарын танытты.

«Табиғатты аялайық» атты жоба – экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл бастама арқылы жас буын табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиеленіп, жасыл болашақтың кепілі бола алатынын көрсетті,-дейді мамандар.

Айта кетейік, «Табиғатты аялайық» жобасы Шымкент қаласындағы барлық орта білім беру ұйымдарында тұрақты түрде өткізілуде. Экологиялық тәрбие беру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...