Шымкент: Азаматтардың көтерген өзекті мәселелері бақылауға алынады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Азаматтардың көтерген өзекті мәселелері бақылауға алынады

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың кезекті жеке қабылдауы барысында 25 азаматтың денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары және абаттандыру салаларына қатысты көтерген өзекті мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, тұрғын аулаларындағы инфрақұрылымды жақсарту, көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыру мәселелері ерекше назарға алынды.

Қала әкімі әрбір азаматтың ұсынысы мен өтінішіне мұқият көңіл бөліп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, қабылдауда көтерілген барлық мәселелер белгіленген мерзімдер аясында бақылауға алынатын болады. Сонымен бірге өтініш иелеріне олардың орындалу барысы туралы да тұрақты түрде кері байланыс қамтамасыз етіледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...