Шымкентте «Дәстүр – ұлт ұстыны» байқауы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте «Дәстүр – ұлт ұстыны» байқауы өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Дәстүр – ұлт ұстыны» атты этнос өкілдері арасындағы байқау өтті. Іс-шара қазақ жеріндегі түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға бағытталды.

Байқау барысында қатысушылар өз ұлтының болмысын танытып, ұлттық би мен әндерін орындап, сахналық қойылымдар қойды. Сонымен қатар, қолөнер ерекшеліктерін көрсетіп, халықтық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – этносаралық бірлікті нығайтып, әр халықтың мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Байқау төрт кезеңнен тұрды:
Ұлттық аспаптармен дәстүрлі ән орындау
«Салт-дәстүрім – таусылмайтын қазынам» атты сахналық қойылым
«Ою – ұлт өнерінің айнасы» тақырыбындағы қолөнер таныстырылымы
Салт-дәстүрге қатысты викториналық сұрақтарға жауап беру

Қазылар алқасының шешімі бойынша:
«Бірлік рухы» командасы – Бас жүлде
Татар-башқұрт мәдени бірлестігі – II орын
Славян этнос өкілдері командасы – III орын

Сонымен қатар, корей этнос бірлестігі «Үздік орындаушы» номинациясын иеленсе, өзбек ұлтының командасы «Ұлттық киім» аталымында үздік деп танылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...