Түркістан: Этносаралық ынтымақтастыққа бағытталған «Дөңгелек үстел» өтті

Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Этностар арасындағы ынтымақтастық: елдің даму кеңістігіндегі рөлі» атты «дөңгелек үстел» өтті.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бірлесіп ұйымдастырған іс-шара еліміздегі этносаралық келісім мен ынтымақтастықты арттыруға, түрлі этникалық топтардың мәдениеттері мен дәстүрлерін сыйлауды насихаттауға, ҚХА-ның 30 жылдығы аясында жоспар-жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.

Келелі жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің басшылығы, сондай-ақ Түркістан облысы прокуротурасы мен облыстық полиция департаменті, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, өңірлерден келген қоғамдық ұйымдардың өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің белсенді мүшелері, оқытушы-профессорлар, студенттер қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы этносаралық келісімді сақтаудағы маңыздылығына тоқталса, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Жанар Темірбекова халықаралық университеттің этносаралық ынтымақтастық пен түркітілдес әлемді біріктірудегі рөлін атап өтті.

Іс-шарада елдің даму кеңістігіндегі этностардың рөлі, олардың экономика, білім беру және мәдениет саласындағы ықпалы туралы және өңірде «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету бойынша ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Бұл орайда, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, облыстық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов, ХҚТУ-нің профессоры Сейдулла Садықов және құқық қорғау органдарының өкілдері баяндама жасап, пікір алмасты. Қатысушылар өз тәжірибелермен бөлісіп, этносаралық ынтымақтастықты нығайту үшін нақты ұсыныстар жасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...