Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақының жеңімпаздары

2024 жылғы 26 желтоқсанда  Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Шараға Түркістан облысының қоғамдық даму басқарамасы басшысының орынбасары Жанәбіл Болат Серікұлы, жергілікті қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған конкурс жеңімпаздары:

  1. «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі (төрайымы – Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы) – «Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу» номинациясы бойынша;
  2. «Өгем» қоғамдық бірлестігі ( төрағасы – Әбдешов Әліхан Әбдешұлы) – «Қоршаған ортаны қорғау» номинациясы бойынша;
  3. «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық қоры ( төрағасы – Шалтанов Еркінбай Керімбайұлы) – «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» номинациясы бойынша;
  4. «Ғылыми зерттеулер мен инновациялық технологиялар» қоғамдық қоры ( төрағасы – Голярко Владислав Михайлович) – «Қоршаған ортаны қорғау» номинациясы бойынша;
  5. «Эра — KZ» қоғамдық бірлестігі ( төрайымы – Таштемирова Зарина Рамазановна) – «Өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу» номинациясы бойынша атанды.

Аталған жеңімпаздарға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның атынан дипломдар табысталды.

Марапаттау рәсімінде сөз алған Болат Серікұлы: « Бүгінгі жеңімпаздар – әрбір азаматқа үлгі боларлық тұлғалар. Сіздер өз істеріңіз арқылы қоғамның сенімін ақтап, жақсылыққа бағытталған жаңа бастамаларға жол ашып келесіздер. Жеңіс пен табыс тек марапат емес, ол – алдағы күндерде сіздерге шабыт пен күш беретін рухани серпін.

Басқарма атынан баршаңызды бүгінгі жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, тың идеялар және алдағы жұмыстарыңызда жаңа белестерді бағындыруды тілеймін» деген ізгі тілегін білдірді.

x

Check Also

Кокшетауские танцоры показали лучшие результаты на республиканском конкурсе

13 апреля в Шымкенте состоялся международный хореографический конкурс «Нұрлы көктем», в котором приняли участие 30 творческих коллективов из разных регионов. ...

Казахстанская разработка для трансплантации сердца представлена на Expo-2025 в Японии

Команда врачей и инженеров Центра Сердца UMC под руководством Юрия Пя представит на Expo 2025 в Осаке уникальную медицинскую разработку ...