Тараздада Қ.Мұнайтпасовтың 150 жылдығына орай қазақ күресінен жарыс өтті

Тараз қаласында қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов атамыздың 150 жылдық мерейтойына арналған ел кубогы үшін жарыс өткен болатын. Бұл сынға Аягөз спорт мектебінің түлектері де қатысқан.

Атап айтсақ, жарыста өнер көрсеткен қос балуанымыз жүлделі орындардан көрініп, ұстаздарының сенімін ақтады.

Мәселен, 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Амангелді Төлемісов қарсылас шыдатпай, бірінші орынды жеңіп алды. Осы ретте, Амангелдінің алғашқы бапкері Мәдениет Жаңатаев болса, бүгінде талапты жас Е.Мағауиновтың қол астында жаттығатынын айта кеткен абзал.

Сол сияқты, 90 келіге дейінгі салмақта күрескен Ерасыл Жаңатаев жүлделі үшінші орынға көтерілді. Айта кетерлігі, Ерасылдың да алғашқы жаттықтырушысы Мәдениет Жаңатаев болыпты. Ал бүгінде ол Ж.Сайлаубаевтың шәкірті екен.

Дереккөз: «Дидар» газеті

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Спортсмены завоевали 14 золотых медалей на Кубоке Азии по ашихара-карате в Ташкенте

На Кубоке Азии по ашихара-карате, проходившем в Ташкенте, спортсмены из Актау завоевали 14 золотых и две серебряные медали. Об этом ...

Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды

Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын Әлем кубогы мәресіне жетіп, жерлестеріміз үздік көрсеткіштерін тіркеді. Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, ...