Түркістанда 6 мың бүлдіршін үшін алғашқы рет қоңырау соғылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда 6 мың бүлдіршін үшін алғашқы рет қоңырау соғылды

Бүгін Түркістан қаласының білім ордаларында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылының басталуына орай Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған салтанатты шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты. Ұстаздар қауымына алғысын білдіре отырып, оқушылар мен ата-аналарға құттықтауын арнады.

– Адамның ғана емес, әлемнің дамуы – терең білімнен. Баланы жетектеп, оның зейінін ашып, үлкен өмірге дайындау – үлкен жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап ететін еселі еңбек. Руханият төрі – Түркістан келешекте ғылым мен ілімнің ордасына айналады деп сенемін. Балаларымыз зерек, ақылды, зерделі болсын, – деген қала басшысы оқушыларға әліппені табыстады.

Мерекелік шарада қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, облыстық әжелер алқасының мүшесі Ұлжан Мұстафаева жас ұрпаққа ұлағатты сөздерін арнады.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында облыс орталығында 76 мектептің 1-сыныбына 6 мың оқушы қабылданды.

x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...