Сауран: Қазыналы қарт жастармен кездесті

«Қамқорлық» орталығында «Құрақ Fest Құмайлықас» атты шеберлік сағаты өтті. Шараға Түркістан қаласының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау бөлімінің басшысы, Серт ауылының тумасы Жантемір Алимов ақсақал арнайы шақырылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жаңабекқызы қатысып, ізгі лебізін білдірді. Ақсақалды құрметтеп, иығына шапан жапты.

Тағылымды өмір жолында талай өткелден өтіп, өнегелі өмір тәжірбиесін жинақтай білген қария өзінің білімділігін кешегі ел басқарған аға буынмен қызметтес болған бірқатар тарихи оқиғаларды баяндады. Жантемір Алимов тағылымды еңбек жолын осы ауданнан бастаған. Ел үшін қызмет еткен, туған халқының тағдырын өз тағдырынан жоғары қоя білген.

Жантемір қария қызмет еткен жылдарын тілге тиек етіп, еңбек жолындағы қиыншылықтар мен қуанышты сәттер жайлы баяндады. Қазыналы қарттарымыз адалдықты ту етіп келешек ұрпақ үшін аянбай еңбек ете білді. Сондай-ақ, кездесуде жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, еркін пікір алмасты. Шара соңында жастарға батасын беріп, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.

x

Check Also

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ...

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...