Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту және кедейлік деңгейін төмендету жұмыстары жалғасады

Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру, аз қамтылған отбасылар санын азайтып, табысын арттыру шаралары жүйелі жүргізіліп келеді. Биыл өңір тұрғындары арасында жұмыссыздық деңгейін 4,9%-дан, кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау көзделеді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап.

Өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықты тұрақты жұмыспен қамту шаралары қарқын алғаны белгілі. Бұл бағытта биыл облыс әкімінің ұйытқы болуымен 118,9 мың жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілді. Яғни, өңір тұрғындары арасынан 108 мың адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, ал қалған 3,7 мың тұрғын ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналаса алады, оған қоса грант және шағын несие беру бойынша жұмыстар жүйеленіп келеді.

Облыста экономикалық салаларға сәйкес іске асырылып жатқан жаңа жұмыс орындары мен инфрақұрылымдық жобаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Сонымен қатар ағымдағы жылдың шілде айында 176 жоба қолға алынып, 1 248 жұмыс орны ашылған.

Сондай-ақ субсидияланған жұмыс орындарының бірі қоғамдық жұмыс орындары болып табылады. 2024 жылы қоғамдық жұмысқа 14 мыңға жуық жұмыссыз азаматтарды жолдау жоспарланып, нәтижесінде 13,6 мың адам қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Осы тұста қоғамдық жұмыс орындарына жолданғандардың ішінен «Таза Қазақстан» акциясы негізінде 8,5 мың адам жұмысқа орналасты.

Жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, алғашқы жұмыс орындары, күміс жас жобасы мен субсидияланатын жұмыс орындарына 23,5 мың азаматтар жолданып, тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылып келеді.

Қайтарымсыз грант беру бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 1 793 адамға грант беру жоспарланып, өткізілген 1-ші лектің нәтижесімен 893 адамға бизнес идеяларды іске асыруға грант берілді.

Жұмыспен қамту шараларын іске асыру аясында жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

Жалпы, облыста кедейлік деңгейін төмендету бағытында бірқатар маңызды жұмыстар қолға алынуда. Көрсеткіштерге сәйкес өңірде 116,2 мың адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету мақсатында бюджет есебінен 12,2 млрд.теңге қаржы қаралған. Биылғы жартжылдықта 13 569 отбасыдағы 81 195 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, жыл басынан бері өңірімізде аз қамтылған азаматтардың саны 10,8 мың адамға немесе 44%-ға азайды.

Қабылданған шаралардың аясында аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халық санынан 3,8% құрады.

Аталған бағытта аудан, қалаларда учаскелік комиссияның жұмысына, АӘК тағайындаудың дұрыстығына мониторинг жұмыстарын жүргізу, АӘК тағайындаудың заңдылығына зерделеу жұмыстарын жүргізу сынды жұмыстар жауапты мамандардың тікелей қадағалауында.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

x

Check Also

Түркістан облысында өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер көлемі ұлғайды

Түркістан облысында өзіндік кіріс көздерін артыру, «көлеңкелі экономикамен» күрес, қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстары нәтижесінде өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер ...

Түркістан облысында кедейлік деңгейін төмендету шаралары белсенді жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қабылданған шаралардың ...