Түркістан облысындағы жалғыз нәзікжанды қала әкімі тракторға мініп, «Таза Қазақстан» акциясына қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысындағы жалғыз нәзікжанды қала әкімі тракторға мініп, «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүруде. Кезекті экоакция «Арыс-Шымкент» тас жолы бойынан бастау алды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенбілікке мемлекеттік қызметшілер, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, ардагерлер, спортшылар мен өнер азаматтары, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты.

Тазалық шарасына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қатысып, акцияны барынша қолдап, әсем қаланы одан әрі гүлдендіру жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Тракторға мініп, тазалық барысын қадағалаған қала әкімі еңбек адамдарының жұмысын жоғары бағалады. Бұл акцияға мемлекеттік немесе бюджеттік мекеме қызметкерлері емес, тұтас ел атсалысуы тиіс екенін жеткізді.

Кең көлемде өткен тазалық акциясына 500-ден астам адам қатысып, белсенділік танытты. Экобелсенділер ағаштарды әктеп, жасыл желектің түптері мен жол жиектерін арамшөптерден, қураған бұталардан тазалады.

Жиналған қоқысты, кесілген ағаштарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 10-нан астам техника жұмылдырылды.

Сенбілік шарасында шаһардың өнерпаздары тұрғындарды тазалыққа шақырып, «Таза Қазақстан» насихатталған әнді шырқап, сенбілікті көңілді мерекеге айналдырды.

Айта кетейік, Арыс қаласы көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері көктемнің алғашқы күнінен бастап өтуде.

Бүгінде қала орталығындағы жарықшамдарды ретке келтіру, саябақтар мен аллеялардың шөбін ору, суғару жүйесін ретке келтіру, ағаштарды күтіп ұстау жұмыстары күнделікті атқарылып жатыр.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...