2024 жылдың басынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 28 мың жаңа орын ашылды

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша балабақшаларда жаңадан 28 мыңға жуық орын ашылды. Осылайша, балаларды сапалы түрде мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту 91,5%-ға өсті.

«Жаңа орындарды ашу — жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды салу, реконструкциялау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтар желісін кеңейту, мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке балабақшаларға орналастыру есебінен жоспарлануда. Бүгінде ол бойынша Павлодар облысы жоғары көреткішке қол жеткізді», — дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Елімізде жалпы саны 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасауда. Онда барлығы 1 миллионнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Биыл 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамту көрсеткішін 92,5%-ға дейін арттыру жоспарланған.

x

Check Also

Республикалық «IQanat» Олимпиадасында Түркістан облысының 18 мыңнан астам оқушысы бақ сынап жатыр

Қазақстан бойынша ауыл балаларының басын қосқан «IQanat 2025» Олимпиадасының І туры аяқталды. Биыл бұл кезеңге оқушылардың рекордты саны тіркелген. Еліміздің ...

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында тағы бір мектеп пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің білім саласын жаңа деңгейге көтеру үшін «Келешек мектептері» жобасына бастамашы болды. Осы бағытта Түркістан ...