Шымкентте Республикалық пікірсайыс турнирінің іріктеу кезеңі басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте Республикалық пікірсайыс турнирінің іріктеу кезеңі басталды

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «Терең тарихтан – жарқын болашаққа» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтуде.

Еліміздің әр өңірінен жиналған 64 команда қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада бақ сынап, білімдері мен шешендік шеберліктерін көрсетуде.

Турнир аясында АПФ форматы бойынша төрт іріктеу ойыны өтсе, ЛД форматында қатысушылар 1/8, 1/4 және 1/2 финалдық кезеңдерде өзара мықтыны анықтайды.

Зияткерлік дода жастардың сыни ойлау қабілетін дамытып, өз көзқарасын дәлелді жеткізуге, қарсы тараптың пікірін саралауға және шешендік өнерін шыңдауға мүмкіндік береді.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...