Елдос Сметов Париж Олимпиадасының алтынын жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалында белдесті.

60 келідегі шешуші белдесуде Елдос татами қожайыны Лука Мхеидземен алтынды сарапқа салды. Бұл кездесуде Сметов вазари әдісімен жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.

Еске салайық, Елдос Париж Олимпиадасының 1/16 финалынан бастап, нидерландылық Торнике Чакадуаны жықты. 1/8 кезеңінде Сметов украиналық Дильшот Халматовтан басым түсті. Ал ширек финалда әлемдік рейтинг көшбасшысы тайвандық Ян Юнвэйді жеңді.

Жартылай финалда қазақстандық балуан 2023 жылғы әлем чемпионы және Еуропаның үш дүркін чемпионы испаниялық Франсиско Горригосты жыққан еді.

Еске салсақ, Қазақстандық мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алған еді.

x

Check Also

Спортсмены завоевали 14 золотых медалей на Кубоке Азии по ашихара-карате в Ташкенте

На Кубоке Азии по ашихара-карате, проходившем в Ташкенте, спортсмены из Актау завоевали 14 золотых и две серебряные медали. Об этом ...

Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды

Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын Әлем кубогы мәресіне жетіп, жерлестеріміз үздік көрсеткіштерін тіркеді. Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, ...