Әл-Фараби көшесінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Әл-Фараби көшесінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілуде

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында Нұршуақ шағынауданы Әл-Фараби көшесінің бойында тазалық іс-шарасы өтуде. Мұнда қаладағы барлық ауданның коммуналдық мекемелерінің жұмысшылары, жалпы 100-ден астам адам, қажетті техникалар жұмылдырылған,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жарылқасын Машбектің айтуынша, бұл аумақта тек қана коммуналдық мекеменің жұмысшылары тазалық жұмыстарын атқаруда. Нақтырақ айтқанда, Әл-Фараби көшесінің бойы Бадам өзенінің көпірінен бастап А 2 айналма жолына дейінгі аумақ (7,5 шақырым) ретке келтіріледі.

5 аудан бойынша коммуналдық мекеменің жұмысшылары көше бойында шөптерді ору, көшені жуу, қоқыстан арылту жұмыстарын атқарып жатыр.

Жарылқасын Машбек жылдың соңына дейін бекітілген жоспар бар екенін, соған сәйкес тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілетінін атап өтті. Айта кетсек, бүгінгі «Таза бейсенбі» іс-шарасында қала тұрғындары да белсенділік танытып жатыр.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...