Көне Сауранда да мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталды

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі, Нұртас ауылында арнайы іс-шара өтті. Айтулы шарада республика көлемінде бір мезгілде Әнұран орындау мен Туды көтеру рәсімі орындалып, мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев құттықтау сөз сөйлеп, Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіретінімізді жеткізді. Жас ақындар арнау өлеңдерін оқып, өнерпаздар патриоттық әндер шырқады.

“Бүгінгі 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күнінің 32 жылдығымен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір қазақстандықтың міндеті. Қазақ елінің тарихына жүгінсек ата-бабаларымыз туын марқая, мақтана тік ұстап, ұрыс барысында жанын қиса да туды төмен түсірмеген. Міне, осындай мемлекеттік нышанға деген құрметті үлгі ете отырып, жастарға насихаттау, отансүйгіштік сезімін жоғарылату баршамыздың отан алдындағы борышымыз», — деді Бақытжан Кеңесбекұлы.

Сонымен қатар, шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, мәслихат депутаты Сәбит Рысбеков, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманова барша жиналған көпшілікті рәміздер күнімен құттықтады.

Айта кететін жәйт, Рәміздер аллеясы Нұртас ауылында биыл ашылып, отыр. Осындағы Амангелді атындағы жалпы орта мектебін 20 жыл бұрын бітірген мектеп түлектері Тутұғыр орнатып, ауылға тарту етті. Тутұғырдың биіктігі — 27 метрді құрайды.

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

В Шымкенте прошли учения по гражданской защите «Қыс-2025»

В Шымкенте завершились двухдневные городские командно-штабные учения «Қыс-2025», направленные на отработку действий системы гражданской защиты в условиях зимних чрезвычайных ситуаций ...