Шымкентте ардагерлердің ауласы абаттандырылды (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте ардагерлердің ауласы абаттандырылды (видео)

Шымкентте экологиялық акцияға 13 мың адам жұмылып, 18 жерде тазалық жүргізілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі «24.kz» телеарнасына сілтеме жасап.

Шымкентте экологиялық акцияға 13 мың адам жұмылып, 18 жерде тазалық жүргізілді.

Экобелсенділер «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық науқанын осы аптада «Өнегелі ұрпақ» тақырыбына арнады. Үлкенге құрмет көрсетіп, ардагерлердің үйінің ауласын абаттандыруға белсене қатысты.

Республикалық акцияның кезекті апталығы Ұлы отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетуден басталды. Белсенді топ Можайск маңындағы айқасқа қатысқан Нина Мосунованы мерекемен құттықтап, бейбіт күнді жақындатқан майдангерге алғыс білдірді.

Нина Мосунова, Ұлы Отан соғысының ардагері:
— Қазір бар жағдайымды немерелерім жасап, денсаулығыма қарап жатыр. Еріктілір де жиі келіп тұрады. Рақмет. Мен үшін ауламдағы гүлдердің орны ерекше. Сондықтан әруақытта ұмытпай келіп, жасыл желекті күтіп-баптап жүрген жандарға алғыс айтамын.

Ғасыр жасаған әжейдің ауласында түрлі жеміс ағашы мен гүл түрлері жайқалып тұр. Экобелсенділер сол тал-теректің күтімін жасап, түбін қопсытты. Артық өскіндерді қырқып, қоршау мен қабырғаларды сылады. Осылайша кейінгі жастардың игі ісі дәстүрге айналып келеді.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:
— Адамдардың бір-біріне деген қатынасының тазалығы, адамгершілік мәселелері барлығы қамтылған дүние ол «Өнегелі ұрпақ» тақырыбына арналып отыр. Бұл жерде ұрпақтар сабақтастығы, дәстүр жалғастығы деген әңгіме бар.

Жалпыхалықтық тазалық науқаны қарттар үйінде жалғасты. Мұнда жалғызілікті 200-ге тарта қария тұрады. «Өнегелі ұрпақ» ұранымен қайырымдылыққа ұмтылғандар аға буынның көңілін тауып, мерекелік кеш ұйымдастырды.
— Қызыр болсын жолдасың, Алла өзі қолдасын! Әумин!

Үлкеннен бата алған акция қатысушылары арнайы қызмет көрсету орталығында да тазалық жүргізді. 4,5 гектар жердің шөбі орылып, күл-қоқыс шығарылды. Жалпы қала бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық науқанында 18 аумақта осындай жұмыстар жүріп, 13 мыңға тарта ерікті қатысты.

© 24.kz телеарнасы

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...