Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов Шымкент қаласы Абай ауданының 2024 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы арнайы баспасөз конференциясын берді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз конференциясында Абай ауданының әкімі Бұқарбай Рысқұлұлы аудандағы бір қатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқталып өтті.
Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 жеке сектордағы үй, 205 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан. Жалпы саны 257,7 мың халық орналасқан ауданда 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысандар бар.
Мәселен бүгінгі таңда Абай ауданының 23 елді мекені табиғи газбен 85,2% қамтылған. Ал табиғи газбен қамтылмаған елді мекендер пайыздық көрсеткіште 14,8% құрап отыр. Сондай-ақ, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 86 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 500,0 млн.тг қаржы қаралған.
— Абай ауданы бойынша 27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған. Ал, 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде ауданның инфрақұрылым жүйелерімен қамту көрсеткішіне тоқталар болсақ, аудан сапалы ауыз су және электр жарығымен 100% қамтылған.
Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданында электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 2 тоқсанында аяқталды деп күтілуде,-деді Бұқарбай Парманов.
Сонымен қатар Абай ауданы бойынша «ТАЗА ӨЛКЕ», «КИЕЛІ МЕКЕН», «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ», «ЖАСЫЛ АЙМАҚ, «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» және «МӨЛДІР БҰЛАҚ» акциялары аясында тазалық жұмыстарын кең көлемде ұйымдастырылып, ауданында 950 метр куб қоқыс шығарылған.