Мыңға жуық көшені жарықтандыруға 3,5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген

Шымкент көшелерін жарықпен қамту деңгейі 70 пайызды құрайды. Биыл өңірде 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Құрылыс жұмысына 3 жарым млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Сондай-ақ, 2 елдімекен сапалы ауыз сумен қамтылады.

Биыл Шымкентте 1000-ға жуық көше жарықтандырылады. Оған бюджеттен 3 жарым млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жалпы Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522-сіне жарық жүргізілген. Қазіргі таңда көшелерді жарықпен қамту деңгейі 70%-ға жетті.

Азат Қайнарұлы, Шымкент қаласы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары: «Қалада орталық маңызы бар 522 көше жарықтандырылған. 2023 жылы 90 көше жарықтандырылып, 60 пайыздан 70 пайызға өсті. 2024 жылы басқарма тарапынан Тұран шағынауданындағы көшелерді жарықтандыру жоспарға қойылды. Қазіргі таңда аудан әкімдіктері тарапынан 5 аудан көлемі бойынша 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарға қойылды».

Қазіргі таңда сапалы электр қуатымен 81 елдімекен толық қамтылған. Өткен жылы Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт, Түркістан шағынаудандарында ішкі жүйелердің құрылысы аяқталып, 22 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылды. 2 нысанның құрылыс жұмыстары биыл аяқталады.

«Қала бойынша 81 елдімекен толық электр жүйесімен қамтылған. 2023 жылы 6 нысанның құрылыс жұмыстарына 1,6 млрд теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 4 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 22 мыңға жуық адам электр желісіне қосылуға мүмкіндік алды. Қамту көрсеткіші 100 пайызды құрады. Айта кететін жайт, қалада жаңақұрылыс аймақтарын электр желісіне қосу жолға қойылған. Ағымдағы жылдың 2 тоқсаны бойынша Асар-2 шағын ауданы бойынша 1000 абонентке электр жүйесі тартылды», – дейді Шымкент қаласы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Азат Қайнарұлы.

Басқарма басшысының орынбасары ауыз су мәселесіне де тоқталды. Биыл 79 елдімекен сапалы тіршілік нәрімен қмтылып отыр. Ал Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарында су кестемен беріледі. Биыл бұл аймақтарда құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде қаланы ауыз сумен қамту 100 пайызға жетеді деп жоспарланған.

Дереккөз: Гүлдана Сейдрасул, otyrar.kz

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...