Азиада: Үшінші алтын медаль

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық мергендер тағы да бір алтын алды. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скит бағдарламасы бойынша жұптық сайыста үздік болды.

Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста өнер көрсетіп жатқан Әсем Орынбай/Эдуард Ещенко жұбы финалда Кувейттен басым түсті.

Тартысты жарыста Қытай мен Катар құрамалары қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында нысана көздеу спортынан 3 алтынға ие болды. Қазақстандық мерген Әсем Орынбай кеше нысана көздеуден бір алтын, бір қола алған еді.

x

Check Also

Спортсмены завоевали 14 золотых медалей на Кубоке Азии по ашихара-карате в Ташкенте

На Кубоке Азии по ашихара-карате, проходившем в Ташкенте, спортсмены из Актау завоевали 14 золотых и две серебряные медали. Об этом ...

Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды

Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын Әлем кубогы мәресіне жетіп, жерлестеріміз үздік көрсеткіштерін тіркеді. Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, ...