«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтардың өмірлік маңызды мәселелерін шешу мақсатында бірқатар азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасы Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы қоғамдық қабылдауда төрағалық етіп жүргізді. Сонымен қатар, азаматтардың арыз-өтініштеріне байланысты құқықтық көмек көрсетуге облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Тұрсынбаев Полат Түркістан облысы прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау бойынша басқармасының бастығы Мұратұлы, Жұмағалиев Болат Әлібекұлы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жүнісов Ержан Әліұлы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мусаев Дастан Нармаханбетұлы, Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ахметов Бегімхан Төреханұлы, Түркістан облысы Полиция департаменті көші-қон басқармасының инспекторы Қалжанов Бауыржан Бақытжанұлы, Түркістан облысы Полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Байдуллаев Ерлан Жұмағалиұлы , Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Заң басқармасының басшысы Халтаев Алибек Мухтарұлы, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкіл (анықтаушысы) Қарсыбай Гүлзия Нұрғалиқызы, Түркістан облыстық әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Пирметов Ансар Омарұлы, Түркістан облыстық әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлім басшысының м.а. Алтынбеков Базарбай Анықбекұлы, Түркістан облыстық әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Бостан Жандос Ерболұлы, Түркістан облыстық адвокаттар алқасының Төрағасы Қамбаров Қайрат Уалиханұлы, Түркістан облыстық жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысының м.а Байдаулетов Бауыржан Шотбайұлы, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттар палатасының заң консультанты Түймебаев Айни Тілеубергенұлы қабылдау жүргізді. Жалпы 13 департамент, басқарма мен адвокат, заңгерлер бас қосты.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында өткізілген қоғамдық қабылдауға облыс бойынша аудан, қалалардың полиция қызметкерлеріне шағым айтқан арызданушылар көп болды. Жан-айқайын білдіріп, келушілердің қатарында әлимент өндіру ісі мен алаяқтық фактілері бойынша және банктерден үлкен соманы құрайтын несие алып, қарызға батырған адамға қатысты шағымдар айтылды. Арызын арқалаған ағайын «AMANAT» партиясы «Құқықтық көмек» жобасы аясында мәселеміз назарға алынса деген өтініштерін білдірді. Мәселен Отырар ауданының бір топ тұрғындары алаяққа алданып, КМФ микроқаржылық ұйымына қарызға батқандығын айтып келді.Алайда, жәбірленушілер сол уақыттан бері арызданып, іс қозғалғанымен, күні бүгінге дейін іс қараусыз қалдырылған. Құзырлы органдарға шағымданғанмен қауқарсыз болып отырғанын айтып ашынды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы бүгінгі қоғамдық қабылдау бөліміне келген азаматтардың арыздары бойынша хаттама негізігінде Түркістан облыстық прокуратурасына және басқада құқық қорғау органдарына хат жолданып, партия тарапынан бақылауға алатындығын айтты. Бұдан өзге де қозғалған проблемалар бойынша қоғамдық қабылдау барысында тиісті жауаптар беріліп, бақылауға алуға тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында өткізілген қоғамдық қабылдауда бірнеше тұрғынға ҚР қолданыстағы заңдары аясында түсінік беріліп, мәселелері заң тұрғысынан қолдау табатыны жеткізілді.