Блок-бекеттегі апат: Жүргізуші бұрын полицияда жұмыс істеген

Кеше, Алматы блок-бекетінде екі полиция қызметкерлерінің өмірін жалмаған жол апатына себепкер болған BMW жүргізушісінің құқық қорғау органдарына қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды Xnews ақпарат егенттігі Nur.kz порталына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 1994 жылы туған азамат өз қызметтік міндеттеріне салғырттықпен қарағаны үшін полициядан шығарылған.

«Блок-бекетте орын алған жантүршігерлік жол апаты бірден екі полиция қызметкерінің өмірін қыршынынан қиды. Олар үшін құқық қорғау органдарындағы қызметі аса маңызды болған еді.
Алайда, ең өкініштісі — бұл жол апатына кінәлі жүргізушінің де кезінде погон таққаны. Ол полицияда алты жыл жұмыс істеп, өз қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін төрт рет тәртіптік жазаға ие болған.
Сол себепті, ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Алайда, бұл жағдайдан кейін де ол өзі үшін дұрыс шешім қабылдамаған, сабақ алмаған.
Ер адам ауыр зардаптарын біле тұра заңды бұзып, рөлге мас күйінде отырып, қылмыс жасады» , — деді Алматы қаласының полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиевтың және полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың отбасыларына көңіл айтты.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған еді.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмды.

Оған қоса, жол апатына тап болған үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан ...

Президент выразил соболезнования семье абаеведа Мекемтаса Мырзахметулы

Президент Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму соболезнования в связи с кончиной известного ученого-абаеведа Мекемтаса Мырзахметулы. Глава государства выразил соболезнования родным и ...