Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Токиодағы Олимпиада ойындарын 2021 жылы өткізуге мүмкіндік болмаса, оны тоқтатуға тура келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Nur.kz порталына сілтеме жасап.
ХОК пен Токио Ойындарының ұйымдастырушы комитеті наурыздың соңында коронавирусқа байланысты жазғы Олимпиаданың 2021 жылға ауыстырылғанын жариялады. Ойындар 2021 жылғы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтуі тиіс. Алайда, «Токио-2020» ұйымдастырушы комитетінің төрағасы Ёсиро Мори келесі жылға қарай коронавирус пандемиясы бақылауға алынбаса Токио Олимпиадасының өтпейтінін мәлімдеді.
ХОК басшысы Томас Бахтың айтуынша, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ 2021 жылдың жазы Ойындарды өткізудің соңғы мерзімі болып табылатынын жеткізген.
«Шынымды айтса, сіздердің әрдайым ұйымдастыру комитетіне 3 немесе 5 мың адам жалдай алмайтындарыңызды түсінемін. Сіздер әлем бойынша негізгі федерациялардағы спорттық күнтізбені жыл сайын ауыстырып отыра алмайсыздар.
Біз Ойындарды ұйымдастыру үшін түрлі сценарийлерге дайын болуымыз керек. Бұл денсаулық сақтау шараларына қатысты», – деп мәлімдеді Бах.